Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

Жаңалықтар Ақорда Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады 2024 жылғы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
01 Mart 2024 tarihinde SİYASET kategorisinde yayınlandı. Google News

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

2024 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Президентке мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады.

 

 

 

 

Сонымен қатар ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысы таныстырылды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты. Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-memlekettik-kyzmet-isteri-agenttiginin-toragasyn-kabyldady-2815012

 

Son Güncelleme: 01 Mart 2024 | Etiketler: , , , , , , , ,