Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

   Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті
27 Ağustos 2022 tarihinde DÜNYA kategorisinde yayınlandı. Google News

 

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

2022 жылғы

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады.

Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады. Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді.

 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жекеше мекемесінің директоры Сергей Худяковты қабылдады. Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-ulttyk-kuryltay-mushelerimen-kezdesti-267528

 

 

Son Güncelleme: 27 Ağustos 2022 | Etiketler: , , , , , ,