Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады https://t.co/MdBhkGM3yH
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 4, 2023
Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады
2023 жылғы
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы, Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты және Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердің жауапкершілігіндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, ұлттық жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.
Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа геология және жер қойнауын пайдалану саласын реттеу, көлік-логистика әлеуеті мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру жұмыстарын тапсырды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға су мәселесінің саясаты мен табиғи ресурстарды реттеу, көгалдандыру және азаматтарды экологиялық тұрғыда тәрбиелеу міндеттері жүктелді.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа туризмді, бұқаралық спортты және мәдениет саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берілді.
Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептегі және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.
Әділет министрі Азамат Есқараевқа заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар міндет жүктелді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен тығыз жұмыс істеп, олардың мәселелерін уақтылы шешу қажет екенін атап өтті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-zhanadan-tagayyndalgan-ministrlerdi-kabyldady-402322
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады https://t.co/MdBhkGM3yH
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 4, 2023