Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
2024 жылғы
Кездесуде Президентке жоғары конституциялық бақылау органының қызметі туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш, оның 99 пайызы азаматтардан келіп түскені жөнінде баяндалды. Эльвира Азимованың айтуынша, азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген.
Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдадыhttps://t.co/s1Xuz8uBoB
****
Глава Государства принял председателя Конституционного Суда Эльвиру Азимовуhttps://t.co/KNmge3dfbO pic.twitter.com/RNbGHZhu4R— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) February 23, 2024
Конституциялық соттары бар мемлекеттердің бәріне тән негізгі ұстаным – азаматтардың конституциялық сот төрелігіне жүгінуін шектемеу және қаржылық кедергілерді алып тастау. Осыған орай Мемлекет басшысы былтыр желтоқсан айында Конституциялық Сотқа жүгінген кезде төлейтін мемлекеттік баж салығын нөлдік мөлшерлемеге дейін төмендетуді қарастыратын заңға қол қойды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатқаны баяндалды.
Мемлекет басшысына берілген мәліметке сәйкес былтыр 558 құқық нормасы тексеріліп, нәтижесінде 29 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу жөнінде кеңес берілді. Конституциялық Сот Қылмыстық-процессуалдық, Салық кодекстерінің және бірқатар заңның жекелеген нормаларын қайта қарау жөнінде ұсыныстарын берді. Бүгінде Үкімет пен уәкілетті органдар аталған ұсынымдардың 16 пайыздан астамын орындады.
Президент Конституциялық Соттың 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын бағалай отырып, аталған органның құрылуы және оның қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандығын қорғауға қатысты қоғам мен мемлекеттің сұранысына сай келетінін айтты.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-konstituciyalyk-sot-toragasy-elvira-azimovany-kabyldady-2314442