Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады <a href="https://t.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
27 Haziran 2023 tarihinde SİYASET kategorisinde yayınlandı. Google News

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

2023 жылғы

 

 

 

Мемлекет басшысына компанияның биыл бірінші жартыжылдықта атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берілді. Президентке «ҚазМұнайГаз» компаниясы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізгені баяндалды.

 

 

 

Мағзұм Мырзағалиев ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыттың және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жұмыс істейтін гибридті электр станциясының құрылысы жөнінде айтты.

 

 

 

 

Мемлекет басшысына мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы, жанар-жағармай материалдары өндірісінің қарқыны және олардың қорын қалыптастыру туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» Францияның Air Liquide компаниясымен бірлесіп, Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін жобаны іске асыруға ниетті.

 

 

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективті барлау учаскелерін зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-kazmunaygaz-uk-ak-baskarma-toragasy-magzum-myrzagalievti-kabyldady-2655412

Son Güncelleme: 27 Haziran 2023 | Etiketler: , , , , , , , , , , ,