Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады

  Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады <a href="https://t.
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады
28 Kasım 2023 tarihinde DÜNYA kategorisinde yayınlandı. Google News

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады

2023 жылғы

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай коммунистік партиясы ОК Саяси кеңесі тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады.

 

 

 

Кездесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің жай-күйі және оны дамыту перспективасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарын екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды.

– Қытаймен екіжақты қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы саналады. Шын мәнінде, қазақ-қытай байланыстары өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін көрсетеді деп ойлаймын. Біз Қытайды өте маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және барлық саладағы ынтымақтастықта нақты нәтижеге қол жеткізетінімізге үлкен үміт артамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Мемлекет басшысы жуырда өткен жоғары деңгейдегі үшінші «Бір белдеу, бір жол» форумы орасан зор табысты болғанын және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ауқымды бастамасының одан әрі даму жолын айқындағанын еске салды. Президенттің айтуынша, Қазақстан бұл жобаны жүзеге асыруға жан-жақты атсалыса береді.

– Өзіңізге мәлім, мен жақында Бейжіңге ресми сапармен барып, Төраға Си Цзиньпинмен жан-жақты келіссөздер жүргіздім. Жоғары деңгейдегі келіссөздер өте мазмұнды болды және ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды кезеңге жол ашты. Өзара визасыз режим күшіне енді. Келесі жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланды. Бұл өзара қарым-қатынас, әсіресе жастар үшін өте маңызды шешім деп санаймын. Қытаймен арадағы ынтымақтастықты дамыту әрбір елдің басымдықтарының бірі екенін тағы да атап өткім келеді. Біз бұл мәселеге жоғары деңгейде мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Президент бүгін Астанада өткен Қазақстан мен Қытайдың Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 11-отырысы сауда-экономика саласындағы бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу ісінде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

 

 

 

Өз кезегінде Дин Сюэсян Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізіп, екі жақты ықпалдастықтың даму қарқынына көңілі толатынын айтты.

– Біз мемлекеттер басшыларының уағдаластықтарын іске асыру арқылы өзара ынтымақтастықта жаңа нәтижеге ұдайы қол жеткізуді мақсат етеміз. Қытай Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласындағы орасан зор жетістіктеріне шын жүректен қуанады. Қытай-Қазақстан қатынастарының табысты дамуы біздің ортақ мүддемізге толық сай келеді, сондай-ақ өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал етеді. Қытай тарапы мемлекеттер басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарын және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жоғары деңгейде әрі сапалы түрде бірлесіп жүзеге асыруға дайын, – деді ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары.

 

 

 

Кездесу барысында сауда, ауыл шаруашылығы, инвестиция, көлік, логистика, энергетика және басқа да салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі атап өтілді.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-khr-memlekettik-kenesi-premerinin-orynbasary-din-syuesyandy-kabyldady-27102527

 

 

 

 

Son Güncelleme: 28 Kasım 2023 | Etiketler: ,