Жаңалықтар
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады
https://x.com/aqorda_press/status/1851950363475136757
2024 жылғы
Мемлекет басшысына бағалы және түсті металдарды барлау, игеру және қайта өңдеумен айналысатын ірі компанияның Қазақстандағы қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет беріліп, алдағы уақытқа арналған жоспары таныстырылды.
https://x.com/aqorda_press/status/1851950363475136757
Президентке Solidcore Resources plc компаниясы Павлодар облысында «Ертiс ГМК» жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастағаны жөнінде баяндалды. Болашақ зауыт жылына 300 мың тонна концентрат шығара алады. Құрамындағы алтынның үлесі 98 пайызға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Виталий Несис Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыда геологиялық зертхана салу жоспарын таныстырды.
https://x.com/aqorda_press/status/1851950363475136757
Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның отандық өнеркәсіпке қажетті инженер мамандар даярлау мақсатында қабылдаған шараларының маңызы зор екенін атап өтті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-solidcore-resources-plc-kompaniyasynyn-bas-atkarushy-direktory-vitaliy-nesisti-kabyldady-3192815
https://x.com/aqorda_press/status/1851950363475136757
Son Güncelleme: 01 Kasım 2024 | Etiketler: Solidcore Resources plc, Solidcore Resources plc компаниясының, атқарушы, Бас, Виталий, директоры, қабылдады, Қасым-Жомарт Тоқаев, Несисті, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады
Владимир Якушев высоко оценил проект по производству дронов «Тамбовский рой»
Владимир Якушев: «Единая Россия» обеспечит дальнейший контроль за реализацией программы модернизации первичного звена здравоохранения
Olga Zanko: Ülkenin 2025 bütçe taslağı, STK’ları desteklemek için 419 milyar ruble ayırmayı planlıyor
Birleşik Rusya bütçenin ikinci okumasında değişiklikler yaptı
Андрей Макаров: Финансирование мероприятий народной программы «Единой России» в бюджете ежегодно увеличивается
İlham Əliyev İspaniyanın Azərbaycanda yeni təyin olunmuş səfirinin etimadnaməsini qəbul edib